Бірінші телевизиялық экологиялық реалити-шоу "ECO MEKEN"

Бірінші телевизиялық экологиялық реалити-шоу "ECO MEKEN"

«Оператор РОП» ЖШС тапсырысы бойынша «Global Media Astana» ЖШС серіктестігі «Хабар Агенттігі» АҚ-мен бірлесіп, Қазақстанда бірінші рет «ECO MEKEN» телевизиялық экологиялық реалити-шоуының түсірілімін іске қосуда.

Жоба табиғатқа ұқыпты қарауды насихаттау, елдiң экологиялық проблемаларын анықтау және шешу жолдарын iздеу мақсатында жүргiзiледi.

Шоу түрлi қоқыстарды кәдеге жарату және қайта өңдеу саласындағы кәсiпорынның бар екенiн көрсетедi және жаңа эко-бизнес кейстерiнiң пайда болуына түрткi болады. Әр серияда қатысушылар бiр уақытта сәттi бизнес принциптерiне және табиғатты қалай сақтауға болатындығын үйренедi. Жеңiмпаздар экология саласындағы бизнестi дамыту үшiн грант алады, сондай-ақ экология саласындағы жобаларды монетизациялау дағдылары беріледі.

Жобаға қатысу үшiн бизнес-жоспардың болуы қажет емес, тек экологияны жақсартуға деген ниет пен идея жеткiлiктi. Ең жарқын 32 үмiткердi жобаның ұйымдастыру комитетi таңдайды, олардың сауалнамалары ecomeken.khabar.kz сайтында жалпыхалықтық дауыс беру үшiн ұсынылады. Ең көп дауыс жинаған 18 үмiткер «ECO MEKEN» шоуына қатысады.

Өтiнiмдер ecomeken.khabar.kz сайтында қабылданады.