«Қостанай қаласы мен Қостанай облысындағы қалдықтарды бөлек жинау және қайта өңдеу жүйесін дамыту» дөңгелек үстел

«Қостанай қаласы мен Қостанай облысындағы қалдықтарды бөлек жинау және қайта өңдеу жүйесін дамыту» дөңгелек үстел

Ағымдағы жылдың 12 мамырында Басқарма «KazWaste» қазақстандық қалдықтарды басқару жөніндегі қауымдастығымен бірлесіп «Қостанай қаласы мен Қостанай облысындағы қалдықтарды бөлек жинау және қайта өңдеу жүйесін дамыту» дөңгелек үстелін өткізді.

Отырыс барысында қалдықтармен жұмыс жасау бөлігінде жаңа экологиялық заңнаманың нормалары түсіндірілді, Қостанай қаласы мен Қостанай облысындағы қалдықтарды басқару жүйесін жетілдіру мәселелері, қалдықтарды басқару саласындағы бизнесті қолдаудың қолданыстағы құралдары қарастырылды, сондай-ақ «Пластикті қайта өңдеуге «Иә!» деп айт» және «PlastNet» пластикті жинау және қайта өңдеу желісі»: мақсаттары мен мүмкіндіктері» бастамасының тұсауы кесілді.

Отырысқа Басқарманың, «KazWaste» қазақстандық қалдықтарды басқару жөніндегі қауымдастығының, «Оператор РОП» ЖШС-ның, «Центр «Содействие устойчивому развитию» ЖШС-ның, қалалар мен аудандар әкімдіктерінің, сондай-ақ қалдықтарды басқару саласындағы кәсіпорындардың өкілдері қатысты.

Кездесудің қорытындысы бойынша «KazWaste» қазақстандық қалдықтарды басқару жөніндегі қауымдастығы әкімдіктер мен кәсіпорындардың тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.