«Жасыл кеңсе» байқауын өткізу туралы

«Жасыл кеңсе» байқауын өткізу туралы

«Жасыл экономиканы» қолдау және G-Global-ды дамыту             Коалициясы» ЗТБ Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің қолдауымен «Жасыл кеңсе» үшінші республикалық байқауын ұйымдастырады.

Конкурстың мақсаты - экологиялық өмір салтын, қоғамдық пайдаланудағы ғимараттардың экологиялылығын, жайлылығын және эргономикалығын арттыру үшін «жасыл» және төмен көміртекті технологияларды насихаттау, озық практика мен үздік тәжірибенің технологиялық шешімдерін тарату.

Байқау ағымдағы жылдың 15 сәуірінен бастап ресми түрде он номинация бойынша басталды, оған мемлекеттік мекемелердің, білім беру, денсаулық сақтау, коммерциялық және сауда құрылымдарының, индустрияның, халықаралық ұйымдардың, ҮЕҰ және т.б. өкілдері қатыса алады.

Байқауға қатысу шарттары http://greenoffice-kaz.org/ сайтында және https://www.facebook.com/greenofficekz/  фейсбук парақшасында көрсетілген.

Байқаудың нәтижелері 2021 жылдың қыркүйек айында жарияланып, қатысушылар сертификаттарымен, ал жеңімпаздар арнайы сыйлықтармен марапатталатын болады және ағымдағы жылдың қазан айында Нұр-Сұлтан қаласында жоспарланған марапаттау рәсіміне қатысатын болады.

Басқарма барлық мүдделі тұлғаларды байқауға қатысуға шақырады.