Экологиялық сенбілік өткізілді

Экологиялық сенбілік өткізілді

2021 жылдың 24 сәуірінде «Бірге таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында «Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі «Қостанай облысы бойынша экология департаменті» РММ-мен, қалалар мен аудандардың әкімдіктерімен, экобелсенділермен берлесіп, экологиялық сенбілік ұйымдастырды және өткізді.

Аталған іс-шараның шеңберінде саябақтар, скверлер, аллеялар, жолдар және су айдындарының жағалау аймақтары жиналған қоқыстардан тазартылды.

Іс-шараға мемлекеттік органдар, жеке ұйымдар, тұрғындар, экобелсенділер мен волонтерлар, барлығы 1726 адам қатысып, олар 337 тонна қоқыс жинады.