Хлорелла концентрацияланған суспензиясымен суды тазарту технологиясы ұсынылған

Хлорелла концентрацияланған суспензиясымен суды тазарту технологиясы ұсынылған

2021 жылдың 16 сәуірінде «Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ-сі «Судың ғылыми-технологиялық орталығы» ЖШС-мен бірлесіп, «ZOOM» онлайн-платформасы арқылы конференция ұйымдастырды, онда «Судың ғылыми-технологиялық орталығы» ЖШС хлорелланың концентрацияланған суспензиясымен суды тазарту технологиясын ұсынды, ол:

  1. Рекреациялық су айдындарынан, ауыз суға арналған су айдындарынан және басқа да су объектілерінен «гүлденуді» және иісті кетіру үшін қолданылады.
  2. Суды оттегімен қанықтыру, балықтардың қырылуына жол бермеу және азық қорын арттыру мақсатында балық шаруашылығы су айдындарында пайдалану үшін қолданылады.

Аталған конференцияға мүдделі мемлекеттік органдардың, өңірдегі сумен жабдықтауға жауапты ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ балық шаруашылығы субъектілері қатысты.

Конференция барысында қатысушылар осы тақырып бойынша бірнеше сұрақтар қойды, оларға спикерлер жауап берді.