«Жер Сағаты» халықаралық экологиялық акциясы

«Жер Сағаты» халықаралық экологиялық акциясы

Ағымдағы жылдың 27 наурызында жергілікті уақыт бойынша сағат 20:30-дан бастап 21:30-ға дейін «Жер Сағаты» халықаралық экологиялық акциясы өтеді.

«Жер сағаты» – Дүниежүзілік жабайы табиғат қорының жарықты өшіруге, гаджеттер мен тұрмыстық электр жабдықтарын пайдаланудан бас тартуға үндейтін жыл сайынғы ең ауқымды акция. Бұл уақытта өндірістік ғимараттар мен құрылыстардың, сәулет ескерткіштерінің жарықтары сөнеді.

Акцияның қатысушысы болу үшін өзіңіздің үйіңіздегі, пәтеріңіздегі немесе кеңсеңіздегі жарықтарды, сондай-ақ жарнамалық тақталардың және ғимараттардың жарықтандыруын бір сағатқа өшіру қажет. Басқарма өңірдің барлық бей-жай қалмайтын тұрғындарын акцияға қатысуға шақырады!