Биологиялық ыдырайтын қалдықтарды қайта өңдеу .

Биологиялық ыдырайтын қалдықтарды қайта өңдеу .

Ағымдағы жылдың 10 наурызында Басқарма «ГеоДата Плюс» ЖШС тұлғасындағы «NewBioSource» биологиялық іритін қалдықтарды қайта өңдеушілер қауымдастығымен бірлесіп, өңірдің экология мәселелеріне арналған бірқатар вебинарларды бастады.

Алғашқы таныстыру вебинары биологиялық іритін қалдықтарды (БІҚ) қайта өңдеуге арналды.

Вебинар бағдарламасында аталған мәселеге қатысты негізгі заңнама талаптары, тұтыну қалдықтарын (ТҚҚ) басқарудың жүйелі және кешенді тәсілі айтылды, БІҚ қайта өңдеудің заманауи еуропалық технологиялары ұсынылды, мысалы: компостерлеуге арналған жабдық, биогаз/энергия алуға арналған биореакторлар, Қостанай облысының климаттық жағдайында компостерлеуге арналған технологиялар ұсынылды.

Қолданыстағы ҚР Экологиялық кодексінің 301-бабына сәйкес, жергілікті атқарушы органдар биологиялық іритін қалдықтардың рециклингін, компостерлеу, өнім немесе энергия өндіру мақсатында биогаз өндіру және (немесе) пайдалану жөніндегі шараларды қоса алғанда, оларды көмуді қысқарту жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырады.

Қалдықтарды басқару мәселесі экология шеңберінен шығуда, оның әлеуметтік және экономикалық аспектілері бар, бұл туралы вебинар спикерлері атап өтті. Таза аумақтар, материалдар мен энергияны айналмалы түрде пайдалану түрлі салаларды, соның ішінде ауыл шаруашылығын, қайта өңдейтін өнеркәсіпті, энергетиканы, туризмді дамытуға көмектеседі және өнімдер мен қызметтер өндірісінің тиімділігін жаңа - «жасыл» деңгейге шығарады.

Вебинарға мүдделі жергілікті атқарушы органдардың, бизнестің, ҮЕҰ және жоғары оқу орындарының өкілдері қатысты. Спикерлер сөз сөйлегеннен кейін қарастырылып жатқан тақырып талқыланды.

Спикерлер:

ГРЕГОРИ ВАЙЗЕР – Орта Азия елдеріндегі биоқалдықтарды басқару мәселелері жөніндегі халықаралық кеңесші, «Gregori Weiser» компаниясының басшысы (Германия);

ЕРБОЛ ОРАЗБЕКОВ – «NewBioSource» халықаралық БІҚ қайта өңдеушілер қауымдастығының президенті, «ГеоДата Плюс» ЖШС бас директорының орынбасары, «SWITCH ASIA» жобасының ұлттық сарапшысы;

ЛЮДМИЛА КУЗНЕЦОВА – «ГеоДата Плюс» ЖШС бас директоры, ЕҚЫҰ жобасының ұлттық сарапшысы, «Алматы облысының қалдықтарды басқарудың (ТҚҚ) өңірлік жүйесі» ТЭН жоба басшысы сөз сөйледі.

Келесі вебинардың тақырыбы, күні және уақыты қосымша  хабарланатын болады.