Конкурстық өтінімдер салынған конверттерді ашу туралы хабарландыру

Конкурстық өтінімдер салынған конверттерді ашу туралы хабарландыру

Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы хабарлайды:

Конкурстық өтінімдер салынған конверттерді ашу 2021 жылғы 28 қаңтарда сағат 11:00-де конкурсқа қатысушылардың немесе олардың өкілдерінің қатысуымен Қостанай қаласы, Әл – Фараби көшесі, 66 (облыс әкімдігінің ғимараты), 4 қабатта мәжіліс залы (2020 жылғы 23 желтоқсандағы Қостанай облысы бойынша жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру жөніндегі конкурсты өткізу туралы хабарландыруға сәйкес) мекенжайы бойынша өтеді.