«Астықжан» СО ауданының маңынан табылған пайдаланылған автокөлік дөңгелектері үйінділерін жою

«Астықжан» СО ауданының маңынан табылған  пайдаланылған автокөлік дөңгелектері үйінділерін жою

Ағымдағы жылдың 4 желтоқсанында экологиялық қоғамдық ұйым белсенділерінің хабарлауы бойынша «Астықжан» СО ауданының маңындағы жырадан көп мөлшерде пайдаланылған автокөлік дөңгелектерінің үйіндісі табылды.

«Қостанай облысы бойынша экология департаменті» РММ қызметкерлері сол жерге баруды жүзеге асырды, оның барысында дөңгелектер қалдықтарын рұқсат етілмей орналастыру фактісі расталды, алайда, құқық бұзушылардың бет-бейнесін анықтау мүмкін болмады.

Ағымдағы жылдың 12 желтоқсанында Басқарманың өтініші негізінде, «Еділ және компания» ЖШС мамандандырылған кәсіпорны жоғарыда аталған учаскедегі пайдаланылған дөңгелектерден түзілген рұқсат етілмеген қоқыс үйіндісіне тазарту жұмыстарын жүргізді. 7,5 тонна көлемінде алынған дөңгелектер жақын арада кәдеге жаратылатын болады.

Анықтама үшін: «Еділ және компания» ЖШС автокөлік дөңгелектерін қайта өңдеу және кәдеге жарату бойынша қызметті жүзеге асырады және Рудный қаласының Перцевка ауылында өзінің зауыты бар. Кәсіпорын дөңгелектерді қайта өңдеу барысында дайын өнімдер алады (пиролиз майы, резеңке ұнтағы және газ).

Басқарма экологиялық мәселені шешуде атсалысқаны және жеделдігі үшін «Еділ және компания» ЖШС-нің басшылығына және қызметкерлеріне ризашылығын білдіреді.

Белгілі болғандай, табиғи ортада резеңке дөңгелектер шамамен 100 жыл бойы ыдырайды, сонымен қатар топырақты және жер асты суларын токсиндермен және канцерогенді заттармен ластайды. Пайдаланылған дөңгелектер қауіпті қалдықтар санатына жатқызылған және резеңке қалдықтарды қайта өңдеу процесін реттейтін рұқсат құжаты бар мамандандырылған ұйымдардың тиісті кәдеге жаратуын талап етеді.

Осыған орай, облыстың жеке және заңды тұлғаларына өтініш жасай отырып, қайталанатын жағдайларды болдырмау мақсатында, жарамсыз дөңгелектерді әрі қарай қайта өңдеу үшін қайталама шикізатты қабылдау пунктеріне, не мамандандырылған кәсіпорындарға тапсыруға шақырамыз!