Байқаулардың қорытындысы шығарылды

Байқаулардың қорытындысы шығарылды

13 қарашада Облыстық ресурстық орталықтың базасында Басқарманың «DamU.kst» жастар қоғамдық бірлестігімен бірлесіп, тұрмыстық қатты қалдықтарды бөлек жинауды насихаттау бойынша жобаның аясында өткізген конкурстардың қорытындылары шығарылды.

Қостанай қаласының бастауыш сынып оқушылары «Қалдықтарға екінші өмір бер» шығармашылық конкурсына қатысты. Қайталама шикізаттан жасалған барлығы 27 жұмыс (қалдық материалдарынан жасалған пайдалы заттар, қолөнер бұйымдары, әшекейлер, құстарға арналған үйшіктер мен жем салғыштар) қаралды. Конкурс нәтижелері бойынша мына жеңімпаздар анықталды:

3 орын - Бондарчук Роман, № 7 орта мектебінің 3 сынып оқушысы;

2 орын – Широкова Полина, № 18 орта мектебінің 1 сынып оқушысы;

1 орын – Стецюк Иван, № 16 орта мектебінің 1 сынып оқушысы.

Сондай-ақ, облыстың білім беру мекемелері арасында (ЖОО, колледждер, мектептер) «Қалдықтарды бөлу арқылы Қазақстанның табиғатын сақтаймыз» тақырыбында плакаттар конкурсы өткізілді. 10 білім беру мекемесінен 70 өтінім келіп түсті. Конкурстың жүлделі орындары мына санаттар бойынша бөлінді:

Бастауыш сынып оқушылары (1-4 сыныптар)

3 орын – Манатканова Айару, Чапаев атындағы орта мектептің 2-сынып оқушысы;

2 орын – Ли Радмир, №18 мектеп-гимназиясының 4 сынып оқушысы;

1 орын – Щербаев Дамир, №10 орта мектебінің оқушысы.

Орта буын оқушылары (5-8 сыныптар)

3 орын – Алимова Даяна, №3 мектеп-гимназиясының 5 сынып оқушысы;

2 орын – Молдабаева Алина, № 17 орта мектебінің 8 сынып оқушысы;

1 орын – Абдрахманова Даяна, ООШ14 5 сынып оқушысы.

Жоғары сынып оқушыларының (9-11 сыныптар) жұмыстары конкурстың ережесіне сәйкес келмегенін атап өту керек. Осыған байланысты, комиссия бірауыздан шешім қабылдады: қатысушылардың осы санатын кіші және орта буын оқушыларының жұмыстарымен алмастыру. Осылайша, тағы да үш жеңімпаз анықталды:

3 орын – Матвеева Мария, «Ақ Нұр плюс» жеке мектебінің 1 сынып оқушысы;

2 орын – Казанбасова Амина, № 29 орта мектебінің 7 сынып оқушысы;

1 орын – Анацкая Злата, ГМГ 3 сынып оқушысы.

Барлық қатысушылар қатысқандары үшін алғыс хаттарымен марапатталды, ал жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар табысталды.

Басқарма өткізілген іс-шараларға белсенді қатысқаны үшін алғыс білдіреді!