
♻️ 5 маусым – Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні аясында Қостанай облысында табиғатқа ұқыпты қарау мәдениетін дамытуға және айналмалы экономиканың қағидаттарын насихаттауға бағытталған бірқатар маңызды экологиялық іс-шаралар өтті.
Аталған күні Қостанай қаласында бірінші рет қайталама шикізатты жинау және қайта өңдеу шеберханасы ашылды, сондай-ақ №19 жалпы білім беретін мектеп базасында Қостанай облысындағы алғашқы велошредер орнатылды. Бұл мектеп өзін экологиялық бағыттағы білім беру ұйымы ретінде танытып, өңірдегі барлық экологиялық бастамаларға белсенді қатысып келеді.
Сонымен қатар, халықаралық экологиялық акция аясында «жәндіктерге арналған үйлерді» орнату бойынша ауқымды шара өтті. Бүгін олар Қостанай облысының барлық аудандары мен қалаларында орнатылды.
Аталған акция биоалуантүрлілікті сақтау, тозаңдандырғыш жәндіктерді қолдау және халық арасында экологиялық жауапкершілікті қалыптастыруға бағытталған.
Бұл бастамалар «Таза Қазақстан» бағдарламасын іске асыруға және өңірдегі экологиялық мәдениетті дамытуға маңызды үлес қосады. 🌿