
♻️ Эколог күні мен Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні аясында Қостанай облысы әкімдігінің Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы ТҚҚ-ны бөлек жинау және қайта өңдеу саласында қызмет атқаратын «Атамекен 4+» ЖШС мен «Қостанай резеңке-техникалық қалдықтары» ЖШС кәсіпорындарына пресс-тур ұйымдастырды.
Іс-шара барысында қатысушылар қалдықтарды бөлек жинау, сұрыптау және қайта өңдеу үдерістерімен танысып, қалдықтарды көму көлемін азайтудың заманауи тәсілдері және кәсіпорындардың өңірдің экологиялық саясатын іске асыруға қосып отырған үлесі туралы ақпарат алды.
Шараның мақсаты – қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне қоғамның назарын аудару, экологиялық жауапты мінез-құлықты насихаттау және қалдықтарды қайта өңдеу саласындағы үздік тәжірибелерді көрсету болды.
Экология мәселелеріне бейжай қарамай, іс-шараға қатысқан бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне алғысымызды білдіреміз.
#ЭкологКүні #ҚоршағанОртаныҚорғауКүні #Қостанай #Экология #ҚалдықтардыҚайтаӨңдеу #БөлекЖинау #ТазаҚазақстан