Жұмыспен қамту жол картасы шеңберінде инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру туралы ақпарат

Жұмыспен қамту жол картасы шеңберінде инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру туралы ақпарат

Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасында көзделген инфрақұрылымдық жобалар тізбесінің аясында табиғи ресурстар саласы бойынша жалпы сомасы 419 млн. теңгеге 4 жоба іске асырылуда:

- «Амангелді ауданының «Машдвор» бөгетін күрделі жөндеу»;

- «Науырзым ауданының Шолақсай ауылындағы №10 дамбаны күрделі жөндеу»;

- «Жангелдин ауданының «Шилі» бөгетін күрделі жөндеу»;

- «Алтынсарин ауданының Докучаево ауылындағы дамбаны күрделі жөндеу».

Қазіргі уақытта 1 жоба аяқталды, 3 жоба аяқталу сатысында.

1.11.2020 жылғы жағдай бойынша Жол картасын іске асыру барысында 267,8 млн.теңге игерілді. Қаражатты толық игеру ағымдағы жылдың желтоқсан айына жоспарлануда.