Экологияны таңдайтын ұрпақ

Экологияны таңдайтын ұрпақ
14 сәуір күні экологиялық бейнероликтер мен эко-идеялар байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. 
 
Бұл жай ғана байқау емес — бұл саналы көзқарас, креатив және қоршаған ортаны сақтауға бағытталған нақты қадамдар. 
 
Байқаулар мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында  
«Экологиялық насихаттау іс-шараларын өткізу» бойынша ұйымдастырылуда.  
 
Бейнероликтер номинациясының жеңімпаздары ерекше әрі өте керемет экологиялық сыйлық — жәндіктерге арналған қонақ үйлерді иеленді.
Бұл тек символикалық сыйлық емес, сонымен қатар экожүйені қолдауға нақты үлес: мұндай үйлер пайдалы жәндіктердің тіршілік етуіне, көбеюіне және табиғи тепе-теңдікті сақтауға көмектеседі.  
 
Эко-идеялар байқауының жеңімпаздары өз жобаларын жүзеге асыру үшін 100 000 теңге көлемінде қаржылай қолдауға ие болды — бұл келесі деңгей! Өйткені идеялар тек шабыт беріп қана қоймай, іске асып, қоршаған ортаны жақсартуы тиіс. 
 
Әрбір қатысушыны мақтан тұтамыз!  
Сіздер — болашақты ойлайтын ұрпақсыздар.