
Құрметті азаматтар!
Қоршаған ортаның тазалығы – әрқайсымызға байланысты. Табиғатқа және қоғамдық кеңістіктерге ұқыпты қарау – бұл қаладағы өмір сапасы мен жайлылықтың негізі. Абаттандыру қағидаларын сақтау – әрбір тұрғынның міндеті.
Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 505-бабы талаптарын сақтау қажеттігін еске саламыз.
Құқық бұзушылықтарға жатады:
— қоқысты белгіленбеген орындарға тастау
— қалдықтарды контейнерлерден тыс жерлерге жинау
— ортақ пайдаланылатын аумақтарды ластау
— жасыл желектерді бүлдіру
— іргелес аумақтарды уақтылы тазаламау
Жауапкершілік шаралары:
* жеке тұлғалар — 20 АЕК (86 500 теңге)
* шағын кәсіпкерлік субъектілері — 30 АЕК (129 750 теңге)
* орта кәсіпкерлік субъектілері — 40 АЕК (173 000 теңге)
* ірі кәсіпкерлік субъектілері — 100 АЕК (432 500 теңге)
Қайта құқық бұзушылық жасаған жағдайда айыппұл мөлшері ұлғаяды.
Қаламыздың тазалығы мен тәртібін бірге сақтайық! Әрбіріміздің жауапкершілігіміз – таза әрі жайлы орта қалыптастыру.