Ведомстволық бағынысты орман шаруашылығы мекемелерінің қызметкерлерін марапаттау

Ведомстволық бағынысты орман шаруашылығы мекемелерінің қызметкерлерін марапаттау

«Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ-де ведомстволық бағынысты орман шаруашылығы мекемелерінің қызметкерлерін І және ІІ дәрежелі «Қазақстан орманын қорғаудағы мінсіз қызметі үшін» омырауға тағатын белгілерімен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің құрмет грамоталарымен салтанатты марапаттау өтті.

І, ІІ, ІІІ дәрежелі «Қазақстан орманын қорғаудағы мінсіз қызметі үшін» омырауға тағатын белгісімен наградталуға ормандарды күзету мен қорғауда, биологиялық әртүрлілікті сақтау және көбейтуді қамтамасыз етуде, орман шаруашылығы саласындағы белсенді ынтымақтастық жасауда және әзірлемелерді өндіріске енгізуде табыстарға қол жеткізген, сондай-ақ орман шаруашылығында мынадай жалпы еңбек өтілі мен жұмыс тәжірибесі бар қызметкерлер: кемінде 20 жыл – ІІ дәреже үшін және кемінде 30 жыл – І дәреже үшін ұсынылады

Комитеттің құрмет грамотасымен осы ұжымда кемінде 5 жыл жұмыс өтілі бар қызметкерлер орман шаруашылығындағы саналы жұмысы, жұмыстағы жоғары көрсеткіштері, кәсіби шеберлігі, сала алдына қойылған міндеттерді шешуге жеке үлес қосқаны үшін наградталады.