
Облыста орман шаруашылығын дамытуға және өртке қарсы инфрақұрылымды нығайтуға ерекше көңіл бөлінуде.
Соңғы үш жылда аталған саланы материалдық-техникалық тұрғыдан қамтамасыз етуге 8 млрд. теңге бөлінді. Аталған қаражат есебінен 26 өрт сөндіру автокөлігі, 86 трактор, 39 шағын орман өрт сөндіру кешені және 78 автокөлік сатып алынды.
Бүгін өңірдің орман саласы қызметкерлеріне 79 бірлік жаңа мамандандырылған техника, атап айтқанда шағын орман өртін сөндіру кешендері, тракторлар мен патрульдік автокөліктер табысталды. Техниканың басым бөлігі жергілікті зауыттарда құрастырылған.
Биыл қосымша 25 өрт сөндіру автокөлігі мен 9 трактор жеткізу жоспарлануда. Сонымен қатар, орман күзеті қызметінің кадрлық әлеуеті күшейтіліп, сала қызметкерлерінің жалақысы 100%-ке артқанын атап өту керек.
Аталған жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасын табады. Техниканы жаңартумен қатар, кадр даярлау, цифрландыру және өрттің алдын алу шараларына басымдық беріледі.