
ҚР Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің бұйрығына сәйкес 2025 жылдың 1 желтоқсанынан бастап жаңа жыл қарсаңында жас қылқан жапырақты тұқымдарды қорғау шаралары күшейтілуде. Мемлекеттік орман иеленушілер құқық қорғау органдарының қатысуымен мобильді топтар құрады, жас қылқан жапырақты тұқымдарды күзету бойынша кезекшілікті 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі мерзімде ұйымдастырады. Осы бұйрықпен тұрғындар үшін жаңа жылдық шыршаларды сату қарастырылған. Мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізу үшін жаңа жылдық шыршаларды босату әкімдіктердің өтінімдері негізінде Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің рұқсатымен өткізілетін болады.
«ҚР орман заңнамасын бұзумен келтірілген зиянның мөлшерін есептеу үшін базалық мөлшерлемелерге» сәйкес, жаңа жыл алдындағы кезеңде (1 дана үшін) жас қылқан жапырақты тұқымдарды жойғаны немесе бүлдіргені үшін 15 АЕК мөлшерінде залалды өтеу көзделген, бұл 58,9 мың теңгені құрайды. Келтірілген залалдың мөлшеріне қарай сүректі заңсыз кескені үшін залалдан басқа әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілік көзделеді.
Облыстың барлық тұрғындары мен қонақтарын табиғи ресурстарға ұқыпты қарауға, шыршаларды заңсыз кеспеуге, шыршалардың жасанды аналогтарын пайдалануға немесе оларды жеке кәсіпкерлерден бөлшек саудада сатып алуға шақырамыз.