Басқарма Әулиекөл ауданындағы ірі өртең алаңдарында сүректі сату бойынша электрондық сауда-саттықтың (аукционның) басталғаны туралы хабарлайды.
Аукцион төтенше жағдайдың салдарын жою, орман шаруашылығын ұтымды жүргізу, қайталама зиянкестердің, орманның саңырауқұлақты және басқа да ауруларының таралуына жол бермеу, өртең алаңдарындағы экологиялық жағдайдың нашарлауына жол бермеу мақсатында өткізіледі.
Сүректі барлық ниет білдірушілер сатып ала алады, хабарландыру «Семиозерное орман шаруашылығы мекемесі» КММ және «Басаман орман шаруашылығы мекемесі» КММ, e-qazyna веб-порталында жарияланады (https://e-auction.e-qazyna.kz/).