🔥Өрт қауіптілігі сыныптары🔥

🔥Өрт қауіптілігі сыныптары🔥

🔥Өрт қауіптілігі сыныптары🔥

Өрт қауіпті кезең ішінде орман шаруашылықтары күн сайын өрт қауіптілігі сыныбын белгілейді.

Өрт қаупі өрт жағдайлары мен қауіптілігіне байланысты 5 сыныпқа жіктеледі:

* I - сынып (жоқ) – өрт екіталай.

* II - сынып (әлсіз) – жеке өрттер болуы мүмкін.

* III - сынып (орташа) – жоғары тәуекел, жергілікті өрттер болуы мүмкін.

* IV - сынып (жоғары) – өрт қауіпті жағдай, жылдам өрт шығуы мүмкін.

* V - сынып (төтенше) – төтенше қауіп, ауқымды өрттер болуы мүмкін.

 

🌲🔥Құрметті облыс тұрғындары мен қонақтары!🔥🌲

‼️ Есіңізде болсын: өрт қауіптілігінің жоғары сыныптарында (IV–V) халықтың орманға баруына тыйым салынады. Тыйым салуды бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік көзделеді.

Сіздің жоспарларыңызға кедергі жасайтын жағымсыз жағдайлардың орын алуын болдырмау үшін демалысқа шықпас бұрын, баратын аймақтағы өрт қауптілігі сыныбын алдын-ала білуді ұсынамыз. Бұл қауіпті жағдайларды болдырмауға және табиғатты сақтауға көмектеседі.

📍Мұны қалай жасауға болады:

  • ТЖД ресми мессенджерлері мен чаттарын, жергілікті атқарушы органдар немесе орман шаруашылықтарының өзекті ақпаратын тексеріңіз.
  • Ауа-райы туралы жиынтық есептерді қадағалаңыз.

Өзіңізді және табиғатты қорғаңыз!🍃