Қостанайлық спортшы Эльнара Абдиназарова пара дзюдодан әлем чемпионатында ел намысын қорғады

Қостанайлық спортшы Эльнара Абдиназарова пара дзюдодан әлем чемпионатында ел намысын қорғады

           Қостанайлық спортшы пара дзюдодан әлем чемпионатында Эльнара Абдиназарова J1 санаты бойынша 60 келі салмақта ел намысын қорғады.

           Өзінің бірінші белдесуінде Эльнара үндістандық Адиба Чудхариді небәрі 1 минут ішінде таза жеңіп, шеберлігін көрсетті. Алайда қола жүлде үшін белдесуде Түркия спортшысы Мерве Услу Хажабипурға есе жіберіп, әлем чемпионатын 5-орынмен аяқтады.

           Эльнараның көрсеткен нәтижесімен мақтанамыз. Алдағы халықаралық жарыстарда жаңа белестерді бағындыруына тілекшіміз!