2025 жылдың 25–27 сәуірі күндері Тобыл қаласында жастар арасында жекпе-жектен Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Жарыс нәтижесінде Қостанай облысы командалық есепте бірінші орынды иеленді.
Түркістан облысы – екінші орын,
Батыс Қазақстан облысы – үшінші орынды иеленді.
Облысымыздың спортшылары келесі жетістіктерге қол жеткізді:
3 алтын медаль
4 қола медаль
Чемпиондар мен жүлдегерлер:
1-орын - Рустамов Эмилбек (Қостанай қ.)
1-орын - Евиененко Виолетта (Қостанай қ.)
1-орын - Еламан Айым (Арқалық қ.)
3-орын - Қожабаев Темірхан (Қостанай ауданы)
3-орын - Сәкен Асланбек (Қостанай қ.)
3-орын - Тоқтаров Санжар (Қостанай қ.)
3-орын - Нұрахметов Чингиз (Қостанай қ.)
Жеңісті өнер көрсетудің нәтижесінде Қостанай облысы ұлттық спорт түрлерінің өкілдері басқарма басшысымен кездесті. Кездесу барысында чемпионаттың қорытындылары, өңірдегі ұлттық спорт түрлерін дамыту мен жас спортшыларды қолдау мәселелері талқыланды.
Басқарма басшылығы спортшылар мен бапкерлерге жоғары нәтижелері үшін алғыс білдірді