2025 жылғы 26 сәуірде Гольф спорт мектебі жаңа маусымының басталуына орай Ашық есік күні өтті. Іс-шара 10:00-ден 16:00-ге дейін өткізіліп, барлық ниет білдірушілерге мектептің қызметімен, оқу жағдайымен және өңірдегі гольфпен айналысу мүмкіндіктерімен танысуға жағдай жасалынды.
Ашық есік күні аясында спорт мектебіне Қостанай облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы мен өкілдері келді. Сапар барысында мекеменің жұмысымен танысып, оқу-жаттығу базасын қарап шықты. Бапкерлер мен тәрбиеленушілермен кездесті. Сонымен қатар, мектептің қазіргі жағдайы және гольфты одан әрі дамыту жоспарлары талқыланды.