Басқарма басшысы Қазақстан биатлон одағының өкілдерін қабылдады.
2025 жылдың 24 сәуірінде Биатлон одағының бас хатшысы Манас Усенов бастаған делегация Қостанай облысында биатлон спортының қазіргі жағдайымен танысып, өңірде бұл спорт түрін дамыту мәселелерін талқылады.
Кездесудің негізгі мәселерінің бірі – Қостанай қаласында балалар мен жасөспірімдер арасында Гранд тур биатлон кезеңінің екінші турын өткізудің мүмкіндігін қарастыру. Мұндай ауқымды іс-шараның ұйымдастырылуы өңірдегі биатлон спортының дамуына серпін беріп, жас спортшылардың қызығушылығын арттыратыны сөзсіз.