Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы кездесу

Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы кездесу

           2025 жылғы 23 сәуір күні терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы заңнаманың талаптарын орындау мақсатында кездесу өтті. Іс-шарада Қазақстан Республикасы «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» Заңы мен Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің 2024 жылғы 29 маусымдағы №141 бұйрығымен бекітілген, туристік, спорттық, ойын-сауық және лотерея саласындағы террористік тұрғыдан осал объектілердің антитеррористік қорғанысын ұйымдастыру жөніндегі Инструкцияның негізгі ережелері талқыланды. 
            Кездесу барысында Қостанай облысы Полиция департаментінің қызметкері Бапинов Амангельды Кобекович пен «Діни мәселелерді зерттеу орталығы» КММ қызметкері Асет Бауржанұлы балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінің басшыларына, жаттықтырушыларына спортта кездесетін террористік жайттардың алдын алу мен оны ажырата білу тәсілдерін түсіндірді. Терроризмге қарсы іс-шаралардың маңыздылығын, заң талаптарын сақтау қажеттілігін және осал объектілердің қорғалу деңгейін арттыру жолдарына баса мән беру керек екеніне тоқталып өтті.