
Басқарма басшысы халықаралық аренада ел намысын абыроймен қорғап жүрген белгілі дзюдошы Маргарита Гриценконы қабылдады. Кездесу барысында спортшының қазіргі жағдайы мен алдағы жоспарлары талқыланды. 2024 жылы алған жарақатына байланысты Маргарита қазір емделу үстінде. Соған қарамастан спортшы биыл күзде өтетін Қазақстан чемпионатына дайындалуда.
Басқарма басшысы спортшыға қалпына келу үдерісінде қажетті барлық жағдайлар жасалады. Оның ішінде спорттық киім, спорттық витаминдер секілді құрал-жабдықтармен қамтамасыз етеміз,- деп атап өтті.
Маргарита Гриценко өз кезегінде толық қалыпқа келіп, болашақта еліміздің намысын әлемдік додаларда абыроймен қорғауға дайын екенін жеткізді.