11-12 сәуір аралығында Қазақстан Республикасының дзюдодан VI жастар ойындары өтіп жатыр.
Бүгін, «Қостанай» спорттық ойын-сауық кешенінде жарыстың ашылуы салтанатты түрде жасалды. Жарысты тамашалау үшін қала әкімі Марат Жүндібаев, басқарма басшысының орынбасары Елена Викторовна және спорт мектептерінің өкілдері қатысты.