
2025 жылғы 9 сәуірде XXV Қысқы Олимпиада ойындарына дайындық мәселелерін талқылау мақсатында кездесу өтті. Қысқы спорттық ойындар 2026 жылдың 6-22 ақпан аралығында Италияның Милан, Кортина-д' Ампеццио қалаларында өтеді.
Кездесу барысында қатысушылар қысқы спорт түрлері, оның ішінде шорт-трек, конькимен жүгіру, мәнерлеп сырғанау, керлинг, биатлон және шаңғы жарыстары бойынша жеткен жетістіктерді мен нәтижелерін талқылады. Спорт федерацияларының өкілдері өткен маусымның нәтижелерін ұсынды, сондай-ақ келесі қысқы маусымға арналған жоспарларымен бөлісті. Спортшыларды қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету мәселесіне ерекше назар аударылды.
Аймақтағы қысқы спорт түрлерін дамыту мәселесі көтерілді. Кездесу қатысушылары инфрақұрылымды жақсарту, жаттықтырушылардың біліктілігін арттыру және Олимпиада ойындарында сәтті өнер көрсету үшін спортшыларды жаңа жабдықтармен қамтамасыз ету қажеттілігін атап өтті. Талқыланған мәселелердің ішінде қысқы спорт түрлерінің жастар арасында танымалдылығын арттыру және спорттық жетістіктердің өсуіне жағдай жасау керектігі басты назарға алынды.