Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу туралы кеңес

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу туралы кеңес

           2025 жылғы 7 сәуірде өңірдегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелерімен таныстыру мақсатында Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Рустем Токбергеновтың қатысуымен кеңес өтті.
           
Басқарма басшысының орынбасары Елена Викторовна сыбайлас жемқорлыққа қарсы сыртқы талдау нәтижелері бойынша спорт саласында анықталған құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспарының іске асырылу барысын баяндады. 
            Кеңестің негізгі тақырыптары сыбайлас жемқорлыққа тәуекел етілген әрекеттерді анықтаумен және оларды жою жөніндегі іс-шаралармен байланысты. Кеңес барысында қатысушылар сыбайлас жемқорлықты азайтуға, мемлекеттік қызмет сапасын жақсартуға және түрлі салаларда адалдық пен ашықтықты қамтамасыз етуге бағытталған шараларды, өңірдегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің қазіргі жағдайы және осы бағыттағы жұмыс перспективалары талқыланды.