Қысқы спорт түрлерінің өкілдерімен кездесу

Қысқы спорт түрлерінің өкілдерімен кездесу

          Жақында өткен Қазақстан Республикасының VI қысқы Спартакиадасында спортшылар облысымыздың қоржынына конькимен жүгіруден, шаңғы жарысы спортынан жалпы командалық есепте екі бірдей күміс жүлде әкелді. Спартакиада қорытындысы бойынша жалпы есеппен Қостанай облысы 7 алтын (5 – конькимен жүгіру, 1 – шорт-трек, 1 – шаңғы жарысы), 7 күміс (3– конькимен жүгіру, 4 – шорт-трек), 10 қола (5 – конькимен жүгіру, 4 – шорт-трек, 1 – керлинг аралас жұп) медальдарына ие болды.
          
Осыған орай, 2025 жылдың 2 сәуірінде Қостанай облысы әкімдігі дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Дулат Советханұлы конькимен жүгіру спортынан Қазақстан Республикасы жастар құрамасының аға жаттықтырушысы Жигин Александр Александровичпен, жоғары спорт шеберлігі мектебінің жаттықтырушысы Денис Кузинмен, №3 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушысы Филипова Инна Валентиновнамен, шаңғы жарысы спортынан жаттықтырушы Завьялов Николай Ивановичпен кездесті.
           Басқарма басшысы жаттықтырушыларға атқарған еңбектері үшін алғыс білдіріп, алдағы уақыттарда да қолдау көрсететінін жеткізді.