
Спорт өкілдері Қостанай облысының спорт ардагері Виктор Александрович Сусловтың 75 жылдық мерейтойымен құттықтайды. Виктор Александрович бар өмірін Қостанай облысында спортты дамытуға арнады. 1995 жылдан 2013 жылға дейін Қостанай облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары лауазымында жұмыс істеді.
Көп жылғы адал еңбегі, дене шынықтыру мен спортты дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін Виктор Александровичке Қостанай облысының әкімі Құмар Іргебайұлы Ақсақаловтың грамотасы, сонымен қатар, Қостанай облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Дулат Советханұлының алғыс хаты табыс етілді.