Бокс өкілдерімен кездесу: жаңа олимпиадалық циклге дайындық

Бокс өкілдерімен кездесу: жаңа олимпиадалық циклге дайындық

          2025 жылдың 20 наурызы күні спорт басқармасында Сербияда өткен бокстан әлем чемпионатының қатысушыларымен кездесу өтті. Іс-шара барысында басқарма басшысы Дулат Советханұлы чемпионаттың ширек финалына жеткен спортшы Надежда Рябецпен, оның жаттықтырушысы Роман Миничкинмен және Қостанай қаласының балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің басшысы Берік Додановпен кездесті.

           Кездесу барысында Надежда Рябец Қазақстан спортшысы ретінде олимпиадалық лицензияны алудың жолдары мен жаңа олимпиадалық циклге дайындық мәселелері талқыланды. Спортшы Қазақстан ұлттық құраманың құрамындағы Олимпиада ойындарында сәтті өнер көрсетудің басты үмітікері болып отыр.

           «Надежда чемпионаттағы қиын жолға қарамастан, үлкен спортта өз жолын жалғастыратынына қуаныштымыз. Мұндай спортшыларды қолдау біз үшін маңызды. Барлық команданың дұрыс дайындығы және қолдауының арқасында ол алдағы турнирлерде тамаша нәтижелер көрсете алатынына сенімдімін», — деп атап өтті басқарма басшысы.

            Кездесу аясында дайындық перспективалары және Надежданың спорттық мансабындағы одан әрі қадамдар, сондай-ақ алдағы халықаралық старттарға арналған негізгі міндеттер талқыланды.