Айдос Усенов Қытайда өтіп жатқан оқу-жаттығу жиынында бокстан Азия Чемпионатына дайындалу үстінде. Спортшымыз 18 наурыз – Ұлттық киім күні қарсаңында Қытайдан сәлем жолдап, Наурыз мерекесімен құттықтады.
«Ұлттық киім – кез келген ұлттың дәстүрін, құндылықтарын, халықтың бірегейлігі мен алуантүрлілігін көрсететін маңызды құрал. Осы күн мәдениетті сақтауға және насихаттауға ықпал етеді, ұлттық бірлікті нығайтады және мәдениетаралық алмасу мен өзара түсіністікке дәріптейді. Наурыз мерекесі менің есімде әрдайым бауырсағымен, ыстық наурызкөжесімен, жылы тілектер мен ұлттық ойындар, жиын-тойларымен, үлкендердің ақ батасымен жатталған. Өз елімнің әнұраны халықаралық ареналадарда шырқалуына үлес қосып жүргеніме мақтанамын. Үлкен жетістіктермен елге оралған сайын жерлестерімнің қолдауы, құрметі мені шабыттандырады. Жетістіктерім — жеке жеңістерім ғана емес, Қазақстанның спорт әлеміндегі беделін нығайтуға қосқан үлесім»,-дейді жас спортшы.