Алғашқы алтын жүлде!

Алғашқы алтын жүлде!
          Қазақстанның ерлер командасы Харбинде өтіп жатқан қысқы Азия ойындарында шорт-тректен 5000 метрге эстафетада жеңіске жетіп, тарихи жеңіс сыйлады. Бұл үлкен бәсекеде біздің спортшылар Корея, Жапония және Қытайдың ең мықты қарсыластарын артта қалдырды.
          Чемпиондық команда құрамында Денис Никиша, Адиль Галиахметов, Мерсаид Жаксыбаев, Айбек Насен, Абзал Ажгалиев және Глеб Ивченко өнер көрсетті.
           Атап айта кету керек, Глеб Ивченко Қостанай қаласындағы жоғары спорт шеберлігі мектебінің спортшысы.
           Алдыңғы Азия ойындарында Қазақстан шорт-тректен тек бір қола жүлдені жеңіп алса, Харбинде команда үш жүлдиені иемденді, оның ішінде тарихи алтын жүлде бар!