Сурдлимпиада жеңімпаздары жаңа пәтерлерінің кілттерін алды

Сурдлимпиада жеңімпаздары жаңа пәтерлерінің кілттерін алды

Бүгін, Қазақстан Республикасының Конституциясы күні ұлттық мерекесі қарсаңында спорт қауымдастығы үшін маңызды және көптен күткен оқиға болды!
Бүгін Сурдлимпиада ойындарының жеңімпаздары көптен күткен жаңа пәтерлерінің кілттерін алды.
2017 жылы Сурдлимпиада ойындарында еліміздің ұлттық құрамасының құрамында қостанайлық спортшылар - Данияр Искендиров, Қанат Конкубаев және Гаип Данияров үстел теннисінен командалық жарыста қола медаль жеңіп алды.
Қазақстан Республикасының «Дене шынықтыру және спорт туралы» Заңы Олимпиада, Паралимпиада және Сурдлимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлерін тұрғын үймен қамтамасыз етуде мемлекеттік қолдау шараларын қарастырады.
Спортшыларымызды жаңа тұрғын үймен құттықтаймыз! Сізге жайлылық, жаңа пәтерлерде жылулық және болашақта жаңа спорттық жетістіктер тілейміз