2011-2012 жылы туған жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпионаты

2011-2012 жылы туған жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпионаты

2011-2012 жылы туған жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпионаты

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

 

Өтетін орны:

Қостанай қаласы,

Бокс мектебі, Гашек көш, 1/4

Өтетін уақыты:

26-31 қаңтар 2025 жыл

2025 жылғы 26-31 қаңтар күндері Қостанай қаласында тарихи спорттық іс-шара – 2011-2012 жылы туған жасөспірімдер арасындағы бокстан Қазақстан чемпионаты өтеді. Турнирдің өтетін орны – Гашек көшесі, 1/4 мекен-жайында орналасқан бокс мектебі.

Қостанай алғаш рет Қазақстанның түкпір-түкпірінен үздік боксшыларды жинайтын маңызды чемпионатты өткізуде. Чемпионатқа еліміздің әр өңірінен 400-ге жуық спортшы қатысады. Бұндай нәтиже жас боксшылардың осы жарысқа деген қызығушылығы мен дайындығының жоғары деңгейін көрсетеді.

Турнир бағдарламасы:

26 қаңтар 14:00-де турнирдің ашылуы, 14:30-дан бастап алдын-ала жекпе-жек

27 Қаңтар – сағат 13.00-ден бастап алдын-ала бокс жекпе-жегі

28 қаңтар-сағат 13.00-ден бастап алдын-ала жекпе-жек

29 Қаңтар13:00-ден бастап ширек финалдық жекпе-жек

30 Қаңтар – жартылай финалдық жекпе-жек 13:00

31 қаңтар – сағат 12:00-ден бастап финалдық жекпе-жек; чемпионаттың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау, жарыстың жабылуы.

Іс-шараға бұқаралық ақпарат құралдары мен жұртшылық өкілдерін қатысуға шақырамыз.

Жарысқа кіру тегін.