«Қостанай облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ бос лауазымға конкурс жариялайды

«Қостанай облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ бос лауазымға конкурс жариялайды

«Қостанай облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ бос лауазымға конкурс жариялайды:

«Владимир Матвиенко атындағы балалар-жасөспірімдер олимпиадалық резерві мектебі» КММ басшысы. Орналасқан орны: Қостанай қ., Алтынсарин көш., 124. Лауазымдық жалақының мөлшері: 174 457 теңгеден 215 240 теңгеге дейін;

Негізгі қызметі: Балалар, жасөспірімдер мен жастар арасында олардың денсаулығын нығайтуға және жан-жақты физикалық дамуға бағытталған дене шынықтыру-сауықтыру және тәрбие жұмыстарын жүзеге асыру.

Дене шынықтыру және спорт ұйымының басшысы лауазымына кандидатқа қойылатын біліктілік талаптары: "Дене шынықтыру және спорт ұйымдарының басшылары, мамандары лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 29 маусымдағы № 191 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» ҚР Мәдениет және спорт министрінің 2021 ж. 15.12. № 385 бұйрығында көрсетілген (ҚР ӘМ 2021 ж. 15.12. № 25796 болып тіркелді).

Қонкурсқа қатысушыға қойылатын біліктілік талаптар:

Кадрларды даярлау бағыттары бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім: "Дене шынықтыру және спорт" мамандығы бойынша педагогикалық ғылымдар немесе бизнес және басқару немесе құқық;

 мамандығы бойынша, оның ішінде дене шынықтыру және спорт саласында басшылық лауазымдарда жұмыс өтілінің кемінде 5 жыл болуы.

Құжаттар 110000, Қостанай қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 83, 4-қабат, каб. № 428, «Қостанай облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ,  конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған  күннен бастап 15 күнтізбелік күннен кем емес уақытта қабылданады.

Конкурстың өткізілетін орны: Қостанай облысы, Қостанай қаласы, Тәуелсіздік көш., 83, 4-қабат, № 426 кабинет.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі:

1) қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;

3) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелерін;

4) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесін;

5) "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтаманы

6) соттылығының жоқ екендігі туралы анықтама;

7) сыбайлас жемқорлық сипатында қылмыс жасағаны туралы мәліметтің болуы не болмауы туралы анықтама;

3), 4) тармақшаларда көрсетілген құжаттарды жұмыс орнынан кадр қызметі немесе  ұйымының жауапты қызметкері мөрмен растайды.

Байланыс телефондары: 8(714-2) 54-05-73, электрондық мекен-жайы: g.seitova@kostanay.gov.kz.