«Халық заңгері» республикалық акция

«Халық заңгері» республикалық акция

16 қыркүйек күні сағат 16:00-де Қазақстанның барлық ірі қалаларында бір мезгілде «ХАЛЫҚ ЗАҢГЕРІ» республикалық акциясы басталады!
 Егер құқық жөнінде сұрақтарыңыз болса және ол жайында сауатты кеңес алғыңыз келсе, ҚР үздік сарапшыларынан кеңес алу мүмкіндігін пайдаланыңыз.
«Халық заңгері» - мемлекеттік орган өкілдерінің, жетекші заңгерлердің, ҚР адвокаттарының халыққа заң бойынша тегін көмек көрсетуі.
 Ұйымдастырушылар: ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, «Параграф» АЖ, zakon.kz желілік басылымы, мемлекеттік органдар, адвокаттар мен заңгерлер.
Акцияның өтетін орнын білу, өз қалаңдағы акция сарапшылары туралы ақпарат алу: 👉 https://prg.kz/paragraph_global#lawyer
 Заңгерлердің білікті көмегін қажет ететін азаматтарды күтеміз!