Әдеп жөніндегі уәкілдің қатысуымен өткен семинар

Әдеп жөніндегі уәкілдің қатысуымен өткен семинар

Қостанай облысы әкімдігінің әдеп жөніндегі уәкілі, 4-ҮББ 3 бағытының менеджері Сюндиков Қ.Ж. «Қостанай облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ-де семинар өткізді.

Күн тәртібіндегі сұрақтар – сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет, жобалық басқару, 4 - Үлгілік базалық бағыт, қызметтік әдеп және әкімшілік қаңнаманы ұстану.

Кездесуге қатысқандар: облыстық басқарманың, қалалық балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінің, Жоғарғы спорт шеберлігі мектебі, олимпиадалық резервті дайындау орталы, мүгедектер спорт клубы және жекпе-жек спорт клубтарының басшылары (барлығы 15 адам).

Қ. Сюндиков семинарға қатысушыларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл

саласындағы концептуалды өзгерістер мен адалдық қасиеттерді және сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған түсіндірме жұмыстарын жүргізу бойынша жұмыстармен таныстырды. Спорт қауымдастығының қатысуымен қоғамда қалыптасып жатқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет пен адалдық неіздері  де тілге тиек етілді. Семинар барысында сыбайлас жемқорлық саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын-алу шаралары бойынша мемлекеттік мекемелер мен квазимемлекеттік сектор кәсіпорындарының басшыларының жауапкершілігіне ерекше назар аударылды.