Ұлттық баяндаманы талқылау

Ұлттық баяндаманы талқылау

«Қостанай облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт юасқармасы» ММ-де Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) 2021 жылғы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы ұлттық баяндама талқыланды.

Басқарма қызметкерлері құжаттың мақсатымен, сыбайлас жемқорлыққа қарсы ағарту, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, қоғаммен серіктестік, жауапкершіліктің болмай қалмайтындығы жөнінде қабылданған заңнамалық және тәжірибелік шаралар, сондай-ақ БҰҰ-ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясының ережелерін, Еуропа Кеңесінің ГРЕКО басшылық қағидаттарын және ЭЫДҰ ұсынымдарын ескере отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты одан әрі жетілдіру жөніндегі ұсыныстармен танысты.

Сонымен қатар мемлекет басшысының «тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты» қоса алғанда, сыбайлас жемқорлықпен тиімді күрес жөніндегі орта мерзімді кезеңге арналған іс-қимыл бағдарламасын айқындайтын стратегиялық құжатты әзірлеу жөніндегі тапсырмасының орындалуы туралы ақпарат, сондай-ақ Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат мәселелері жөніндегі халықаралық ынтымақтастық бойынша күш-жігері, сонымен бірге елдегі және әлемдегі сыбайлас жемқорлықты түйсіну деңгейін тәуелсіз бағалау қорытындылары жеткізілді.