Қостанай қаласында 2022 Халықаралық Олимпиада күні атап өтілді!

Қостанай қаласында 2022 Халықаралық Олимпиада күні атап өтілді!

16 маусымда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы саябағында Олимпиада күнін мерекелеу шеңберінде футбол, гір спорты, дзюдо, ауыр атлетика, пауэрлифтинг, кекушинкай каратэ, картинг, жеңіл атлетика, шаңғы жарысы, велосипед және мотоцикл спорты сияқты спорт түрлері бойынша 11 спорт алаңының жұмысы ұйымдастырылды.

Олимпиада күні бағдарламасында спортшылар жарысқа қатысып, қала тұрғындары мен қонақтары үшін өз шеберліктерін көрсетті.

Жас спортшыларды Қостанай облысының көрнекті спортшылары, Олимпиада ойындарының қатысушылары және әлем чемпиондары: Виталий Пухкало, Денис Кузин, Надежда Рябец, Тамерлан Шадукаев, Александр Жигин мерекемен құттықтады.

Олимпиада күніне қатысушыларға Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиада комитетінің Олимпиадалық күн логотипі бар футболкалары мен бейсболкалары табыс етілді.

Жұмыс сапары аясында спорт алаңдарына Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Ерғалиев Самат Серікқанұлы мен Қостанай облысы әкімінің орынбасары Спанов Ерлан Махмұтұлы келді. Самат Серікқанұлы салтанатты түрде Ұлттық Олимпиада комитетінің атынан 2022-Дүниежүзілік Гимназиада жеңімпаздары мен жүлдегерлері Дмитрий Энес, Виктория Кузнецова және Марина Денисоваға естелік кәдесыйлар табыс етті.