Дене шынықтыру мен спортты дамыту бойынша 2021 жылға қорытынды жасалды

Дене шынықтыру мен спортты дамыту бойынша 2021 жылға қорытынды жасалды

4 мамырда Қостанай облысы әкімінің орынбасары Е.М.Спановтың төрағалығымен "Қостанай облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы" ММ алқасы өтті.

Кеңеске қалалар мен аудандар әкімдерінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасарлары, дене шынықтыру және спорт бөлімдерінің басшылары, балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінің басшылары, спорт нұсқаушылары, аккредиттелген спорт федерацияларының басшылары қатысты.

Күн тәртібінде облыстың дене шынықтыру және спортты дамыту жөніндегі дене шынықтыру-спорт ұйымдарының 2021 жылғы жұмысының қорытындысы шығарылды, сондай-ақ Сарыкөл, Денисов және Қарабалық аудандары әкімдерінің орынбасарлары осы өңірлерде дене шынықтыру мен спортты дамыту туралы тыңдалды.

Алқа қорытындысы бойынша бұқаралық дене шынықтыру мен спортты дамытудың 2022-2025 жылдарға арналған негізгі міндеттері белгіленді, сондай-ақ спорт ұйымдарына спорт резервін ұлғайту, өңірлерде спорт инфрақұрылымын дамыту, халықты дене шынықтыру және спортпен жүйелі шұғылданумен қамтуды қамтамасыз ету мәселелері бойынша бірқатар тапсырмалар берілді.