ІІІ Республикалық қысқы ауыл жасөспірімдер ойындары

ІІІ Республикалық қысқы ауыл жасөспірімдер ойындары

Бүгін Қостанайда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30- жылдығына арналған ІІІ Республикалық қысқы ауыл жасөспірімдер ойындары аяқталды. 7 күн бойы Қазақстанның 9 аймағы спорттың 5 түрінен – шайбалы хоккей, шаңғы жарысы, спорттық бағдарлау, конькимен жүгіру және президенттік қысқы көпсайыстан жүлделерді сарапқа салды.
Ойындардың жалпыкомандалық есепбінде 1-орынды 92 ұпаймен Солтүстік Қазақстан облысының командасы, 2-орынды 91 ұпаймен - Қостанай облысының командасы, 3-орынды Алматы облысының командасы – 84 ұпаймен жеңіске жетті.
Ойындарға Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Жамбыл және Қостанай облыстарынан 282 спортшы қатысты.