Бүгін Қостанайда ІІІ Республикалық қысқы ауыл жастары ойындары басталды. Салтанатты ашылу «Мирас» мәдениет сарайында өтті.
Жарыстың ашылу салтанатына Қостанай облысы әкімінің орынбасары Есімова Бақыт Амангелдіқызы және ойындардың бас төрешісі, жоғары ұлттық санаттағы төреші Алексей Михайлович Крючков қатысты.
Ойындар 8-14 желтоқсан аралығында бес спорт түрі бойынша өтеді: шайбалы хоккей, қысқы президенттік көпсайыс, қысқы спорттық бағдарлау, конькимен жүгіру және шаңғы жарысы.