2021-2022 қысқы маусымының ашылуы

2021-2022 қысқы маусымының ашылуы

Бүгін Қостанайда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған 2021-2022 қысқы маусымының ашылуы республикалық акциясы өтті.
Республикамыздың барлық облыс орталықтарында спортшылар мен әуесқойлар бір мезгілде елімізде қысқы спорт маусымының бастауы болған бұқаралық жарыстарға, шаңғы мен коньки тебуге қатысты.
Басталуы сағат 11.00-де Нұр-Сұлтаннан тікелей эфирге қосылды.
Спорт сарайының мұз аренасында өткен акцияны қолдауға 200-ге жуық спортшы мен спорт сүйер қауым жиналды.