Жангелдин ауданында жаңа спорт кешені ашылды

Жангелдин ауданында жаңа спорт кешені ашылды

2021 жылғы 26 қыркүйекте Торғай ауылында дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің ашылуы өтті. Ашылу салтанатына Қостанай облысының әкімі Мұхамбетов Архимед Бегежанұлы қатысты.
Торғай ауылындағы кешеннің құрылысы "Ауыл-Ел Бесігі" бағдарламасы аясында қамтамасыз етілді. Кешен құрылысына 525 млн. теңге жұмсалды. 15 жаңа жұмыс орны құрылды.
Жаңа спорт кешені Жангелдин ауданында бұқаралық спортты дамыту үшін салынынып отыр. Кешен баскетбол, волейбол, мини-футбол, күрес және фитнес бойынша секциялық жұмыстар мен спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізуге мүмкіндік береді.
Тек соңғы екі жылда облыста Қарасу ауданының Железнодорожный ауылында "Триумф" дене шынықтыру-сауықтыру кешені, Қостанай қаласында "Бокс мектебі" спорт кешені, Рудный қаласында "Аят Фитнес Премиум" кешені, Лисаков қаласында теннис орталығы, Амангелді ауданының Амангелді ауылында жүзу бассейні бар дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынды. Жақында Ұзынкөл ауданының Ұзынкөл ауылында спорт кешені ашылды.
Жыл соңына дейін облыс орталығында Мұз спорт сарайы мен елу метрлік жүзу бассейні пайдалануға беріледі.
Алдағы екі жыл ішінде облыстың ауылдарында тағы 6 дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынады.