Ұзынкөл ауданында жаңа спорт кешенінің ашылуы

Ұзынкөл ауданында жаңа спорт кешенінің ашылуы

Бүгін Ұзынкөл ауылында дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің ашылуы өтеді. Ашылу салтанатына Қостанай облысының әкімі А.Б.Мұхамбетов қатысады деп жоспарлануда.
Қазіргі уақытта облыстың қалалары мен аудандарында 2562 спорт нысаны жұмыс істейді, оның ішінде 51 спорт кешені, оның 21-і ауылдық жерлерде орналасқан.
Тек соңғы екі жылда облыста Қарасу ауданының Железнодорожный ауылында "Триумф" дене шынықтыру-сауықтыру кешені, Қостанай қаласында "бокс мектебі" спорт кешені, Рудный қаласында "Аят Фитнес Премиум" кешені, Лисаков қаласында теннис орталығы, Амангелді ауданының Амангелді ауылында жүзу бассейні бар дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынды. Жыл соңына дейін облыс орталығында Мұз спорт сарайы мен елу метрлік жүзу бассейні пайдалануға беріледі.
Алдағы екі жыл ішінде облыстың ауылдарында тағы 6 дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынады.
Спорттық инфрақұрылымды дамыту бұқаралық спортты дамытуға жағдай жасайды. Қазіргі уақытта облыс тұрғындарының 33,7%-ы немесе 290 мың адам тұрақты түрде дене шынықтырумен және спортпен шұғылданады, оның ішінде 75,9 мың бала, бұл жалпы білім беретін мектеп оқушылары мен балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінде, балалар-жасөспірімдер дене шынықтыру клубтарында және жалпы білім беретін мектептер жанындағы спорт секцияларында шұғылданатын жасөспірімдердің 64,5%-ын құрайды,.
Бұдан басқа, осыжылдан бастап мемлекеттік спорттық тапсырыс механизмдері күшіне енді, оны іске асыруға облыс бюджетінде шамамен 200 млн.теңге көзделген, бұл 3 мыңнан астам баланың, оның ішінде көп балалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан балалардың осы жылдың өзінде спорт секцияларында тегін сабақтарға қол жеткізуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Осының барлығы кәсіби спорт клубтарына жұмсалатын шығындарды бір жарым есе оңтайландыру есебінен мүмкін болды, бұл босатылған қаражатты спорт объектілерін салуға, бұқаралық және балалар спортын дамытуға жұмсауға мүмкіндік берді. Жалпы, 2021 жылы спортты дамытуға 10 млрд.теңгеден астам қаражат бағытталды.
Ұзынкөл ауылындағы кешеннің құрылысы "Ауыл-Ел Бесігі" бағдарламасы аясында қамтамасыз етілді. Кешен құрылысына 459 млн. теңге бағытталды. 13 жаңа жұмыс орны ашылды.
Жаңа спорт кешені Ұзынкөл ауданында бұқаралық спортты дамыту үшін салынған. Кешен баскетбол, волейбол, мини-футбол, фитнес және үстел ойындары бойынша секциялық жұмыстар мен спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізуге мүмкіндік береді