Қостанайлық спортшылар Республика Кубогында 2 медаль жеңіп алды

Қостанайлық спортшылар Республика Кубогында 2 медаль жеңіп алды

Шілде айының 10-нан 14-не дейін Алматы облысы Талғар қаласында жасөспірімдер арасында ХСЕе маунтинбайк (кросс-кантри элиминатор) бойынша Қазақстан Республикасының Кубогы өтті. Қостанай облысының спортшылары 2 медаль жеңіп алды.
Республика кубогының чемпионы Роман Соловей болды, Виктория Тропина қола медальға ие болды.

Спортшылар мен жаттықтырушыны сәтті жеңістерімен құттықтаймыз!