Қостанай қыраны-2021

Қостанай қыраны-2021

13-15 сәуір аралығында Лисаков қаласында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жүлдесіне қазақ күресінен дәстүрлі облыстық "Қостанай қыраны - 2021" турнирі өтті. Турнир қорытындысы бойынша абсолюттік салмақ дәрежесінде 1-орынды Балғынбаев Ғабит (Арқалық), екінші орынды Жұмағали Алмас (Арқалық), үшінші орынды Дәуіт Рысбек (Қостанай) иеленді.

Алтын және күміс медаль иегерлері 4 шілде күні Нұр-сұлтан қаласында өтетін "Қазақстан Барысы" республикалық жарыстарында Қостанай облысының намысын қорғайды.