Рухтың күші мен жеңіске деген жігер: Денисов ауданында ауқымды параспорт фестивалі өтті

Рухтың күші мен жеңіске деген жігер: Денисов ауданында ауқымды параспорт фестивалі өтті

Денисов ауданында Қостанай облысының мүгедектігі бар адамдар арасында дәстүрлі VI Спорт фестивалі өтті. Адам мүмкіндігінің шексіздігін паш еткен облыстық додаға облыстың 20 өңірінен 170-тен астам спортшы қатысты.

Биылғы жарыс бағдарламасына спорттың 7 түрі енгізілді: үстел теннисі, жеңіл атлетика, тоғызқұмалақ, асық ату, дойбы, дартс және корнхолл. Турнир қатысушылары жоғары дайындық деңгейін, ұйымшылдық пен шынайы командалық рухты көрсетті.